Астанада жылы аялдамалар қайда орнатылады?

0
173

Жеке инвесторлардың қлодауымен салынып жатқан жаңа, жылы аялдамалар жоспарға сай орнатылған уақытта ескі аялдамалар басқа жерлерге көшірілетін болады.

Абылай хан 64 мекен жайы бойынша орналасқан № 2 балалар ауруханасы ауданында «Астанадағы жабық типтегі 55 аялдама» жобасы аясында жабық типтегі автобус аялдамасы орнатылды.

Осы жоба бойынша Тұрар Рысқұлов көшесі, 6 мекен-жайындағы № 2 қалалық аурухана ауданында қараша айының соңына дейін жылы аялдама орнатылады.

Сондай-ақ, қала әкімі Абылай хан ауданындағы № 1 аурухана мен «Магнум» гипермаркеті маңындағы жол көлік айырығын пайдалануға беру мерзімін де атап өтті. 2018 жылдың 15 қарашасына дейін Абылай хан даңғылы мен Қ. Қошқарбаев даңғылының қиылысында жол көлік айырығын ашу жоспарланған. Қазіргі таңда көше жарықтарын қосу жұмыстары жүргізілуде.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз