2000-ға жуық қазақстандық коронавирустан қайтыс болды

0
94
Photo: AFP

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 7 және пневмониядан 2 адам қайтыс болды. Елде жалпы коронавирустан 1918 адам, пневмониядан 412 адам өлді.Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

12 қараша таңертеңгі ақпаратта 587 адам вирус жұқтырып, оның ішінде 231 адам Шығыс Қазақстан облысында. Індет жұқтырғандардың жалпы саны 118 491 адамға жетті. Бұдан бөлек 245 адам аурудан жазылып, барлығы 108 632 адамға жетті.

Жұқтырғандар тізімі аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 47
Алматы қаласы – 30
Шымкент қаласы – 8
Ақмола облысы – 39
Ақтөбе облысы – 8
Алматы облысы – 16
Атырау облысы – 12
Шығыс Қазақстан облысы – 231
Жамбыл облысы – 6
Батыс Қазақстан облысы – 28
Қарағанды облысы – 16
Қостанай облысы – 57
Қызылорда облысы – 2
Маңғыстау облысы – 1
Павлодар облысы – 49
Солтүстік Қазақстан облысы – 35
Түркістан облысы – 2

Жазылғандар тізімі аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 59
Ақмола облысы – 36
Ақтөбе облысы – 3
Алматы облысы – 5
Шығыс Қазақстан облысы – 71
Жамбыл облысы – 2
Батыс Қазақстан облысы – 21
Қарағанды облысы – 12
Қостанай облысы – 13
Павлодар облысы – 23

Соңғы 24 сағатта коронавирус белгілері бар пневмониның 188 жағдайы тіркелді. Ал жазылғандар саны 65 адам. Осылайша елде пневмонияны 39 545 адам жұқтырып, 29 351 адам жазылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз