Қазақстанда бесінші күн қатарынан 100-ден аса адам вирус жұқтырды

0
106

Қзақстанда өткен тәулікте 102 адам коронавирус жұқтырғаны ПТР тесті арқылы белгілі болды. Жалпы жұқтырғандар саны 109 508 адамды құрады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Індетті жұқтырғандардың соңғы 5 күндегі саны: 110, 108, 100, 104 және 102 адам. Ал өткен тәулікте жазылып шыққандар саны бар болғаны 29 адам. Қазақстанда жалпы жазылып шыққандар саны 105 030 адам. Бұдан бөлек 4 өлім жағдайы тіркелді. Бүгінге дейін жалпы 1796 адам қайтыс болды.

Жұқтырғандар тізімі аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 17
Алматы қаласы – 10
Шымкент қаласы – 2
Ақмола облысы – 5
Ақтөбе облысы – 1
Алматы облысы – 4
Атырау облысы – 8
Шығыс Қазақстан облысы – 15
Батыс Қазақстан облысы – 6
Қарағанды облысы – 9
Қостанай облысы – 4
Маңғыстау облысы – 1
Павлодар облысы – 11
Солтүстік Қазақстан облысы – 9

Жазылып шыққандар тізімі аймақтар бойынша:
Алматы қаласы – 1
Ақтөбе облысы – 1
Атырау облысы – 6
Батыс Қазақстан облысы – 6
Қарағанды облысы – 6
Павлодар облысы – 9

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 51 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 16 адам емделіп шықты.

1 тамыздан бері жалпы ауырғандар 35 965, ал қайтыс болғандар 382 және жазылып шыққандардың саны 28 223 жетті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз