Қазақстанда бір күнде 108 адамнан коронавирус табылды

0
131

Қазақстанда өткен тәулікте 108 адам коронавирус инфекциясын жұқтырғаны ПЦР тесті арқылы белгілі болды. Жалпы елде 109 202 адам індет жұқтырған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Өткен тәулікте вирустан 3 адам, пневмониядан 2 адам қайтыс болды. Жалпы 1783 адам коронавирустан, ал 376 адам пневмониядан өлді. Бір күнде 108 адам коронавирус инфекциясын жұқтырып, 276 адам жазылып шықты. Ал, коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 166 жағдайы тіркеліп,  8 адам емделіп шықты.

Вирус жұқтырғандар тізімі аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 16
Алматы қаласы – 12
Ақмола облысы – 6
Ақтөбе облысы – 3
Алматы облысы – 5
Атырау облысы – 6
Шығыс Қазақстан облысы – 10
Жамбыл облысы – 2
Батыс Қазақстан облысы – 5
Қарағанды облысы – 7
Қостанай облысы – 4
Маңғыстау облысы – 3
Павлодар облысы – 12
Солтүстік Қазақстан облысы – 14
Түркістан облысы – 3

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 109202.

Вирустан жазылғандар тізімі аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 5
Ақтөбе облысы – 5
Атырау облысы – 49
Қарағанды облысы – 10
Қостанай облысы – 49
Қызылорда облысы – 0
Маңғыстау облысы – 46
Павлодар облысы – 24
Солтүстік Қазақстан облысы – 88

Қазақстан бойынша жазылғандар саны – 104801.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз