Қазақстанда екінші рет коронавирус жұқтырған науқас тіркелді

0
107
Photo: interfax

Қазақстанда коронавирус инфекциясын екінші рет жұқтырған науқас тіркелді. Бұл туралы БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Әбдірахманова брифингте мәлімдеді.

Әбдірахманованың сөзінше, науқас (әйел адам) бірінші рет сәуір айында Сovid жұқтырған, екінші мәрте вирус тамыз айында анықталған.

“Науқас екі жағдайда да стационарда емделді”, –  деді ол.

Қазіргі уақытта Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 113 741 адамға жеткен, 1837 адам қайтыс болған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз