ДСМ: өткен тәулікте 791 адамнан коронавирус табылды

0
109

Қазақстанда өткен тәулікте 791 адам коронавирус инфекциясын жұқтырып, елде жалпы 123 888 адам вирус жұқтырды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

20 қараша таңертеңгі ақпаратта 791 адам вирус жұқтырып, оның ішінде 242 адам Шығыс Қазақстан облысында. Бұдан бөлек 311 адам індеттен жазылып, барлығы 111 483 адамға жетті. Ал, 6 адам ауру салдарынан қайтыс болып, жалпы 1970 адам өлді.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 10 435 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 481 бала бар. Стационарларда 3 088 науқас жатыр. 7 347 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жұқтырғандар тізімі аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 53
Алматы қаласы – 91
Шымкент қаласы – 5
Ақмола облысы – 48
Ақтөбе облысы – 4
Алматы облысы – 25
Атырау облысы – 19
Шығыс Қазақстан облысы – 242
Жамбыл облысы – 11
Батыс Қазақстан облысы – 39
Қарағанды облысы – 20
Қостанай облысы – 63
Павлодар облысы – 85
Солтүстік Қазақстан облысы – 85
Түркістан облысы – 1

Жазылғандар тізімі аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 33
Алматы қаласы – 23
Ақмола облысы – 7
Ақтөбе облысы – 1
Алматы облысы – 10
Атырау облысы – 15
Шығыс Қазақстан облысы – 88
Жамбыл облысы – 11
Батыс Қазақстан облысы – 17
Қарағанды облысы – 9
Қостанай облысы – 53
Павлодар облысы – 8
Солтүстік Қазақстан облысы – 36

Соңғы 24 сағатта коронавирус белгілері бар пневмониның 158 жағдайы тіркелді. Ал жазылғандар саны 55 адам. Осылайша елде пневмонияны 40 848 адам жұқтырып, 29 869 адам жазылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз