ДСМ: Өткен тәулікте 840 адам коронавирустан жазылды

0
109
Photo: pricom.kz

23 қарашада Қазақстанда коронавирус жұққаны арнайы тестпен расталған 678 адам анықталды. Бір күнде 840 адам жазылды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Дүйсенбі күні ең көп науқас Шығыс Қазақстан облысында (154) тіркелген. Павлодар (108) мен Солтүстік Қазақстан облыстарында (105) бір күнде 100-ден астам науқас табылған.

Қостанай облысында – 70, Ақмола облысында – 68, Алматы қаласында 46 адамнан коронавирус табылған. Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан облыстарында бір тәулік ішінде науқас тіркелмеген.

Наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен дәлелденгендер 126 860 адамға жетті: 113 мыңнан астамы жазылған, 1990-ы қайтыс болған.

Елдің коронавирус статистикасына коронавирус пневмониясына шалдыққандар есебі енгізілмеген. 1 тамыздан бері 41 203 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған, 427 адам қайтыс болған, 30 мыңнан астамы жазылған.

Қазақстанның коронавирус статистикасына Covid жұққан, бірақ “ілеспе аурудан қайтыс болды” делінген жүздеген адам өлімі де енгізілмеген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз