Канн фестивалінде қазақ актрисасына жеңіс бұйырды

0
75
Актриса Самал Еслямова/дереккөзден

Актриса Самал Еслямова Канн фестивалінде «Айка» фильмі үшін ең үздік әйел образы аталымында жеңіске жетті. Аталған кинокартинаны ресейлік режиссер Сергей Дворцев түсірген еді. «Менің жеңісім бұл бірінші кезекте – режиссердің еңбегі», – дейді актриса.

Атап өтерлігі, бұл – Канн фестивалінде қазақ актрисасы жеңіп алған алғашқы жеңіс. Самал Еслямова «Айка» психологиялық драмасында қырғыз эммигрантының рөлін сомдады. Аталған кинокартинаның түсірілімі 7 жылға жалғасқан. Актрисаның өзі – Солтүстік Қазақстан облысының тумасы.

Өз кезегінде, 71-ші Канн фестивалінде жапондық режиссер Хирокадзу Корээда «Дүкен ұрылары» кинокартинасы үшін «Алтын пальма сабағын» иеленді, деп жазады Euronews. Фестивальдегі бас жүлде «Қара тайпа» комедиясы үшін Спайка Лиге бұйырды. Ал қазылар алқасының жүлдесіне «Капернаум» картинасы үшін ливандық режиссер Надин Лаваки ие болды. 71-ші Канн фестивалінің қорытындысы бойынша ең үздік актер итальяндық Марчелло Фонтеге «Догмэн» картинасында сомдаған рөлі берілді. Кирилл Серебренниковтың «Жаз» картинасы ең үздік саундтрек аталымында жеңіске жетті.


Халықаралық Канн кинофестивалі әр жыл сайын Францияның Канн қаласында мамыр айының соңында өткізіледі. Аталған кинофестиваль 1946 жылдан бері өткізіліп келеді.
Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз