«Оскар-2018» жүлдесіне үміткерлер тізімі жарияланды

0
47
дереккөзден

Америка кино академиясы «Оскар» жүлдесіне үміткерлер тізімін жариялады.

Мексикалық режиссер Гильермо дель Тороның «Форма воды» картинасы үміткерлер тізімінде көш бастап тұр, деп жазады Euronews. «Үздік фильм», «Үздік сценарий», «Үздік режиссер» аталымдарын қоса алғанда аталған кинокартина 13 категорияда жүлдеге үмітті. Басты рөлді сомдаған актриса Салли Хокинс кино жүлдесіне үздік актриса ретінде үміткер.

«Дюнкерк» фильмі 8 аталымға ұсынылған. Екінші дүниежүзілік соғыс туралы әскери драма «Үздік фильм» аталымы үшін бақ сынаса, Кристофер Нолан «Үздік режиссер» аталымында сынға түседі. 

Аталған категорияларда «Оскар» үшін бақ сынасатын Мартин Макдонның «Три билборда на границе Эббинга, Миссури» картинасы бұған дейін де «Алтын глобус» пен бірқатар аталымдарды жеңіп алған еді.

Гари Олдман мен Дэниэл Дэй-Льюис «Үздік актер» аталымына үміткерлер тізімінде.

«Шет тілдегі үздік фильм» аталымына ресейлік кинорежиссер Андрей Звягинцевтың «Нелюбовь» картинасы ұсынылған.

Атап өтерлігі, «Оскар» жүлдесінің 90-шы марапаттау рәсімі 5 наурызға қараған түні Лос-Анджелесте өтеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз