500 домбырашы бір мезетте Құрманғазының күйін орындайды

0
232

1 мамыр – «Қазақстан халқының бірлігі» мерекесіне орай ұйымдастырылған «Ұлы дала үні» атты ауқымды шарада 500 домбырашыдан құралған оркестр Астана қаласында «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда Құрманғазының әйгілі «Сарыарқа» күйін орындайды.

Сондай-ақ, шара барысында қазақ халқының мәдениеті мен музыкасын дамыту мақсатында Флешмоб ұйымдастырылады.

Елорданың 20 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған «Ұлы дала үні» атты ауқымды шараға музыкант ретінде де, көрермен ретінде де қатысуға болады. 

Шара 1 мамырда сағат 15:00-де өтеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз