72-ші Канн фестивалі ашылды

0
77
дереккөзден

Бұл жылғы кезекті Канн фестиваліне әйел-режиссерлер түсірген төрт фильм бірден ұсынылады. Кинофорумның бар тарихында бір ғана кинематографист нәзік жандыға ғана “Алтын пальма сабағын” алу бақыты бұйырған. Ол – Джейн Кэмпион.

Euronews ақпарына сәйкес 72-ші Канн кинофестивалінің қазылар алқасының төрағасы – мексикалық режиссер Алехандро Гонсалес Иньярриту. “Ерекше көзқарас” бағдарламасына ливандық актриса және режиссер Надин Лабаки қазылық етеді.

Кинобайқауды Джим Джармуштың “Өлілер өлмейді” атты фильмі ашады. Байқау бағдарламасына сондай-ақ Кевин Тарантиноның Леонардо Ди Каприо, Брэд Питт және Марго Робби түскен “Бірде Голливудта” атты картинасы да енген.

Басты рөлді Антонио Бандерас мен Пенелопа Крус сомдаған испандық режиссер Педро Альмодовардың “Дерт пен атақ” атты фильмі де “Алтын пальма сабағына” үміткер.

Ал әлемге танымал француздық актер Ален Делонға кинематографиядағы жемісті мансабы үшін “Алтын пальма сабағы” тарту етіледі.

72-ші Канн фестивалі 14-25 мамыр аралығында өтеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз