Алдағы Наурыз мерекесі Астанада қалай тойланады?

0
499

Биылғы Наурыз мерекесінде Астанада 40-тан астам іс-шара ұйымдастырылып, 300 мыңнан астам қала тұрғыны қатысады. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлады. 

Қала аумағында Наурызды мерекелеудің 23 нүктесі анықталған. Онда мереке күндері халық серуені форматындағы іс-шаралар ұйымдастырылады.

Мерекелік шаралар өтетін негізгі орындар: ЭКСПО аумағы, Қалалық алаң, “Қазақ Елі” монументі, “Жастар” сарайы, сондай-ақ «Жетісу» саябағы.

Бұдан басқа, он тұрғын үй алабында (“Қазқалашық”, “Өндіріс”, “Железнодорожный”, “Мичурино”, “Интернациональный”, “Промышленный”, “Пригородный”, “Үркер”, “Көктал-1”, “Көктал-2”) фондық алаңдар ұйымдастырылады. Жеті тұрғын үй кешені (“7-Я”, “Ақбұлақ таун”, “Қайнар”, “Апато”, “Достар”, “Саламат”, “Зерде”), сондай-ақ, “Жастар” театрының алаңы да бар.

Барлық алаңда концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, киіз үй, алтыбақан орнатылады. Мереке күндері іс-шара өтетін орындарда сауда, ұлттық спорт түрлері бойынша спорттық жарыстар ұйымдастырылады.

Басты этноауыл 21-22 наурызда ЭКСПО ауданында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы монументінің жанында ұйымдастырылады. Мерекеде қазақстандық жұлдыздардың қатысуымен мерекелік концерт, сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылады. Әрбір киіз үйдің жанында Астана қаласы театрларының әртістері мен этномәдени бірлестік өкілдерінің орындауында ұлттық салт-дәстүрді көрсету жоспарланған.

Жеке аймақ фуд-кортқа бөлінеді. Этноауыл аумағында палау, наурыз көже және бауырсақ дайындау үшін қазандар орнатылады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз