АЛЖИР-де еврей әйелдеріне арналған ескерткіш тақтасы орнатылды

0
124

«АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің аумағында 1938-1953 жж. лагерде мерзімін өтеген еврей әйелдеріне арналған ескерткіш тақтаның салтанатты ашылуы өтеді.

Іс-шара Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы және Қазақстан Республикасындағы Израиль мемлекетінің Елшілігінің ұйымдастыруымен өтеді. Салтанатты ашылу рәсіміне дипломатиялық өкілдігінің елшісі Михаэль Бродский, «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің директоры Самат Тергембаев және Астана қаласының бас раввині Шмуэль Карнаух қатысады.

Іс-шара ХХ ғасырдың 30-50-шы жылдардағы қайғылы қасірет пен оқиғаларды есте сақтап, тоталитарлық жүйенің жазықсыз жапа шеккен құрбандарына қатысты әділеттілікті бұрынғыдай қалпына келтіру, өсіп келе жатқан ұрпақты патриоттық сезімге және адамгершілікке тәрбиелеу, мұражай қызметін насихаттауға бағытталған.

Айта кетейік, мұражай мұрағатында «Алжир» лагерінде мерзімін өтеген 855 еврей әйелдерінің жеке істері сақталған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз