«Әміре» картинасы сәуірде қалың көрерменге ұсынылады

0
139
/Фильм трейлеріндегі кадрдан

Әміре Қашаубаевтың өмір жолына арналған «Әміре» кинокартинасы 2018 жылдың 5 сәуірінде ұлттық прокатқа шығады.

“Қазақфильм” кинокартинаны мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ және Әлидар Өтемұратовтың «Dar Play» компаниясымен бірлесе түсіргенін хабарлады.
Басты рөлде отандық актер – Санжар Мәди. Түсірілім тобы халықаралық деңгейде, құрамында америкалық қоюшы-режиссер Jeff Vespa, сценарист Benjamin A. van der Veen бар. Бас продюсері – Әлидар Өтемұратов.Фильм ұзақтығы 88 минутты құрайды.

Аталған кинотуынды қазақтың жезтаңдай әншісі Әміре Қашаубаевтың 130 жылдығына арналады.

Атап өтерлігі, «Әміре» картинасы Қазақфильмнің» 2018 жылдағы бірлескен алғашқы ауқымды жобасы.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз