«Анаға апарар жол» «Оскарға» ұсынылады

0
84
ашық дереккөзден алынды

Режиссер Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» кинокартинасы «Оскар» жүлдесіне ұсынылды.

Кинематография саласындағы екінші «Тұлпар» ұлттық фестивалінде 2018 жылы «Оскар» жүлдесіне Қазақстаннан «Анаға апарар жол» кинокартинасы ұсынылатыны хабарланды деп мәлімдейді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстандағы «Оскар» жүлдесі бөлімінің төрағасы Сатыбалды Нарымбетов мәлімдегендей, жабық дауыс беру кезінде бірнеше фильмдер арасынан Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» кинокартинасы таңдалып алынған. Бірнеше аптадан кейін тарихи драмамен америкалық академиктер танысады.

Режиссер А. Сатаевтың «Анаға апарар жол» тарихи драмасын шығару туралы идеяны Әлия Назарбаева қолдаған. Фильмде 1930-шы жылдан бастап бүгінгі күнге дейін тұтас халықтың тағдыры көрсетілетін қазақ отбасы туралы айтылады. Бас кейіпкер анасынан ажырап, сұрапыл соғысты көреді, бірақ ештеңеге қарамастан туған үйіне оралуды аңсайды.

Атап өтерлігі, «Анаға апарар жол» кинокартинасы Ялтадағы «Еуразиялық көпір» кинофестивалінде бас жүлдені жеңіп алды. Қыркүйек айында картина Алматыда өткен «Еуразия» халықаралық кинофестивалінің аясында Ұлттық кинематография және ғылым академиясының «Тұлпар» сыйлығына ие болды.

                                      Сайлаубай Сабина

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз