Қандай жанрдағы фильмдерді көп қарау керек?

0
666

19-20 ғасырдан бастап кино, фильм түсіру даму жолына түсті. Алғашында тек бір адамның дыбыстауымен әртүрлі жанрда фильмдер түсірілсе, уақыт өте адамның ақылына сыймайтын ғажайып оқиғаларды түсіретін туындыларды көзбен көріп жүрміз. Фильм өз ішінде комедия, трагедия, фантастика,трейлер және де тағы басқа жанрларға бөлінеді. Ол бір жеке әлем.

Ал бүгін айтатынымыз, қандай фильм көрген пайдалы?, қандай фильмдер адамның өміріне кері немесе оң әсер етеді деген сынды сауалдар.

Әрине әр адам өзі қалаған фильмді көреді. Мысалы біреуді қорқыныш пен үрейге толы фильмдерді көру қызықтырса, ал басқаға көңілді көтеріп, жүзіне күлкі ұялататын әзілге толы фильм немесе драмма қараған ұнайды.

Комедиялық жанрдағы фильмдердің адамға қандай да бір зияны бар деп айтуға келмейді. Күлкі адам өмірін ұзартады деген сөз бар. Демек керісінше комедиялық жанрдағы фильмдер өміріңізге оң әсер етуі ықтимал. Комедиялық жанрда фильм көру нәтижесінде сіз өміріңізді ұзартасыз, әрі көңіл-күйіңізді көтеріп,уайым мен қайғыдан арылып, өзіңізді жақсы сезінесіз.

Ғалымдардың айтуы бойынша қорқынышты фильм адам психологиясны әсер етіп, адамның мінезінде жауыздық пен қаталдықты тудырады.

Бүгінгі таңда фантастикалық фильмдер өте көп. Аспанда ұшатын адам, тылсым күшке ие болып ғажайып әрекеттер жасайтын тіршілік иесі адам қиялынан туған дүние емес пе? Яғни, кез-келген фантастикалық фильмдер-адам қиялының жемісі. Фантастикалық фильм көрген адам өмірге басқаша көзқараспен қарауға тырысып, фильмдегі супер қаһармандардың іс-әрекетін қайталау үшін әртүрлі ғажайып технологияларды дүниеге әкелуі мүмкін.

Қандай фильм көрсеңізде тек жақсы жағын алуға тырысыңыз. Әр көрген фильмнен жақсы әсер алып,сол фильмдегі кейіпкерлердің жақсы-жаманын айыра біліңіз. Әлемнің құпия мекендері мен сізді толғандыратын сұрақтарға жауап табуға септігін тигізетін фильмдерді көп көріңіз. Фильмді үлкен кино театрларға жаныңызға жақын жандармен бірге барып тамашалаңыз. Өзіңізге қатты ұнаған немесе бір ұмытылмас әсер сыйлаған туынды болса оны қайтадан көріңіз. Ең бастысы фильмдегі жақсы бір кейіпкерді тауып, өміріңізді сол кейіпкердің өміріндей қылып өзгертіңіз!

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз