Елордада аса ірі қалалар форумы өтеді

0
352

Астана қаласының 20 жылдығына орай 5 шілдеде Қазақстан астанасында Жібек жолындағы елдердің аса ірі қалалар форумы өтеді. Бұл туралы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ХІ Астана Экономикалық форумы барысында мәлімдеді.

Жаһандық мегатрендте урбанизация әлеуетті орын алатынын алға тартқан мемлекет басшысы Қазақстанда қазіргі уақытта миллиондаған халық тұратын 3 мегаполис (Алматы, Астана, Шымкент) барын алға тартты. Қалалардың мегаполис көлеміне ұлғаю үрдісі Қазақстанда жалғасатынын атап өткен Н. Назарбаев осы себептен, Астананың 20 жылдығына арналған  іс-шаралар шеңберінде Жібек жолы елдерінің аса ірі қалаларының форумы Қазақстан астанасында өтетінін атап өтті.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз