Асылхан Төлепов жаңа лауазымға тағайындалды

0
253

Асылхан Төлепов “Алатау ” дәстүрлі өнер театры директорының орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы актер  өзінің инстаграм парақшасында алғысын айтып жария етті.

“Құрметті достар, көптен бері әлеуметтік желі арқылы естіген жаңалықпен өзімде бөлісе отырайын. “Жастар жылына” орай жастарға үлкен мүмкіндік беріп отырған Алматы қаласының әкімі Бауыржан Қыдырғалиұлына, Мәдениет басқармасының  басшысы Нұрлан Ерболатұлына айтар алғысым шексіз!

Қала басшылығының және сіздердің қолдауларыңызбен “Алатау ” дәстүрлі өнер театры директорының орынбасары лауазымына тағайындалдым. Осы театрдағы менің бағытым дәстүрлі өнерді дамыту және үйлестіру!

Бұл жалғыз менің ғана атқарар жұмысым емес. Сіз және біз болып дәстүрлі өнерімізді дамытуымызға атсалысуымыз керек. Сол кезде ғана ұлттық құндылығымызды сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа дәріптей аламыз!

Алдағы уақытта сіздердің сенімдеріңізді ақтауға бар күш-жігерімді саламын. Маған артқан сенімдеріңізге үлкен рахмет!”,- деп жазба қалдырды.

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз