Қазақстанда Dombyra телеарнасы ашылды

0
67
Dombyra
Қазақстан баспасөз клубы. Сурет: baribar.kz

22 ақпан күні Қазақстан телеарналарының қатары Dombyra-мен толықты. Бұл туралы жаңа арнаның директоры Қанат Ержігітов айтты.

– Бұл салада тың дүниелер жоқтың қасы, сондықтан Алматы мен Астана қалаларында екі айдан бері түсірілім жұмыстары жүріп жатыр. Dombyra қазір ID tv кабелдік жүйесінде тестілі режимде тұр. Жұма немесе дүйсенбі күні толықтай қосылады. Әр қазақ дәстүрлі өнерді кез-келген уақытта теледидарды қосып, көре алатындай болу керек қой, біздің мақсатымыз осы. Телеарна тек домбыра жайлы емес, жалпы ұлттық музыка аспаптары жайлы хабар тарататын болады, – деді Қанат Ержігітов.

Осыдан екі жарым жыл бұрын “Жұлдыз” арнасын ашқан азамат ол кезде көрермен тарапынан “сіздер қазақтың дәстүрлі ән-күйлерін берсеңіздер” деген өтініш-тілектер көптеп түскенін айтады. “Кейін зерттей келе, расымен де, дәстүрлі музыка бойынша телеарна жоқ екеніне көз жеткіздім”, – дейді арна басшысы.

Dombyra арнасы жүз пайыз қазақ тілінде 24 сағат бойы қазақ өнері жайлы хабар таратады.

Еске сала кетейік, Қазақстанда шілденің бірінші жексенбісі – ұлттық домбыра күні. Бұл күн ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мақсатында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен бекітілді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз