Беларусия президенті Р. Рымбаеваны марапаттады

0
65
president.gov.by

Беларусия басшысы Александр Лукашенко ҚР Халық әртісі Роза Рымбаеваға “Өнер арқылы – бейбітшілік пен өзара түсіністікке” арнайы марапатын табыстады. Бұл туралы Беларусия Республикасы президентінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Марапат “Славянский базар в Витебске” халықаралық өнер байқауының ашылу салтанатында табысталды.

Бұған дейін Витебсктегі (Беларусия) “Жұлдыздар алаңында” Роза Рымбаеваның жұлдызы орнатылған еді.


Атап өтерлігі, 12-16 шілде аралығында Витбескте “Славянский базар” халықаралық өнер байқауы өтуде. Қазақстан намысын қорғайтын “Әмре” нигімен танылған Ернар Садырбаев байқау барысында Н. Тілендиевтің “Құстар әні”, Р. Паулостың “Подберу музыку” және Моцарттың рок-операсынан “Я сплю на розах” туындыларын шырқайды.

2015 жылы қазақстандық әнші Димаш Құдайберген аталған байқаудан бас жүлдені жеңіп алды. Осы жылғы байқауда Қазақстаннан Роза Рымбаева (ересектерге арналған байқауда), Димаш Құдайберген (балаларға арналған байқауда) қазылар алқасы қатарында бар.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз