Димаш Құдайбергеннің Астанаға тартуы бар

0
44
PHOTO: KAZAKNEWS.KZ

Димаш Құдайберген Астанада “Арнау” атты жеке ән кешін өткізеді. 

Алдағы концертімді біріншіден еліме, халқыма арнағым келеді. Бұл менің Астана күніне арнайы тартуым болмақ”, – деді әнші 29 қаңтар Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында.

Д. Құдайбергеннің сөзінше, концерт төрт-бес бөлімнен тұрады. Мерекелік кештің бағдарламасына халық әндері, танымал композиторлардың туындылары мен өзінің жеке орындауындағы әндер енбек. Кеш “Астана арена” алаңында өтеді деп жоспарланған.

2017 жылы Димаш елордада “Бастау” атты жеке ән кешін өткізген еді. Аталған кешке шамамен 30 мыңға жуық көрермен жиналды.

Ал осы жылдың наурызында Димаш Мәскеудегі Кремль сарайында жеке кешін өткізеді.

 

Safina Ahtay

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз