Димаш The World’s Best шоуының финалалды нәтижесін жариялады

0
75
дереккөзден

Әнші Димаш Құдайберген АҚШ-та өтіп жатқан The World’s Best таланттар байқауының финалалды көшбасшыларының тізімін жариялады.
Шоу қатысушыларының бағындырған белестері көрсетілген кестені әнші өзінің Instagram парақшасына салды.

“The World’s Best шоуының финалалды нәтижесі. Біз бірінші орындамыз. Бар жеңісім мен орындауымды өзімнің қымбатты көрерменім мен туған қазақ халқыма арнаймын”, – деп жазады әнші.

Шоуға қатысып жатқан екінші қазақстандық әнші Данэлия Тулешова финал алдындағы нәтижеге сәйкес бесінші орыннан көрінді.

Бұған дейін әлеуметтік желілерді The World’s Best шоуының анонсы жарияланды. Онда шоу жүргізушісі Джеймс Корден Димаш бір мәлімдеме жасайды деп хабарлады, ал әділқазы мүшесі Ру Пол әншіге “Қайда келгеніңді білгенсің” деді. Бұдан кейін әншінің жанкүйерлері Димаш шоу соңына жеткенге дейін оны тәрк етпек деген болжам жасады. Бұның басты себептерінің бірі оның өзінен бірнеше жасқа кіші қатысушыларға бәсекелес болмау ниеті болуы ықтимал.

Бұған дейін мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қос қазақстандық әншіге қолдау көрсетіп, Facebook парақшасында жазба қалдырған еді.

 

Safina Said

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз