Disney-дің 5 фильмі қазақ тілінде дубляждалды

0
234
Дәурен Серғазин мен Нұрлан Әлімжан.

13 наурыз күні Орталық коммуникациялар қызметінде “Өзіңнен баста” жобасы аясында қазақ тіліне дубляждалған Disney компаниясының 5 жаңа фильмінің тұсаукесері өтті. Бұл туралы KAZAKNEWS тілшісі хабарлады.

Аталмыш жобаның жауаптысы Динара Чайжунусованың айтуынша, жуырда  “Дамбо”, “Аладдин”, “Ойыншықтар хикаясы”, “Арыстан патша”, “Мұзды өлке” туындылары көрермен назарына қазақ тілінде ұсынылады.

“Болашақ” КҚ директорыДинара Чайжунусова.

“Мақсатымыз әлемдік студияның отбасымен көруге арналған қазақ тіліндегі сапалы контентін шығару. Мұны жүзеге асыру үшін 10-нан астам танымал актер кастингке шақырылды. Басты рөлдерді сомдайтын актерлер Дисней компаниясымен бекітілетіндіктен отандық актерлер үшін аталған жобаға қатысу кәсіби өсуге де сеп болмақ”, – деді “Болашақ” КҚ директоры Динара Чайжунусова. 

2011 жылдан бүгінге дейін Голливудтың 27 кинокартинасы қазақ тілінде дубляж жасалған.

BI GROUP компаниясының PR директоры Гаухар Керимова.

Баспасөз мәслихатына қатысқан дубляж демеушісі BI GROUP компаниясының PR директоры Гаухар Керимова “қазақстандық балаларға жоғары сапалы фильмдердің қолжетімді болуы демеушіліктің басты мақсаты” екендігін айтты.

Кастингтен өткен актерлер Нұрлан әлімжан мен Дәурен Серғазин БАҚ өкілдерінің алдында дубляждан үзінді көрсетті.

Disney фильмдерін дубляждаған актерлер Дәурен Серғазин мен Нұрлан Әлімжан.
Abdimanap KENES

 

 

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз