Джеки Чан поэзиялық челленджді қабылдады

0
157

Атақты қытай және америкалық актер Джеки Чан қазақ ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған #Abai175 флешмобына қатысты

“Қазақстан Президенті бастаған поэзиялық челленджді досым Ерлан Кариннен қабыл алдым”, – дейді Джеки Чан. Ол Абайдың “Желсіз түнде жарық ай” атты өлеңін оқыды.

Бұған дейін челленджге Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, әнші Димаш Құдайберген, Ресей композиторы Игорь Крутой және Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов қатысқан.

Айта кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы заңға қол қойған. Оның алдында Президент 2019 жылғы 1 қазанға дейін Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспарды бекітуді тапсырған еді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз