“Гудбай, мой бай” – үздік отандық фильм

0
179

Аward.ticketon.kz сайтында бірнеше апта бойы халықтың дауыс беруімен Қазақстанның мәдениет, өнер және спорт саласындағы жыл сайынғы екінші жүлдесінің жеңімпаздары анықталды.

“Көрерменнен лайықты бағасын алу үшін кинофильмдер арасында ерекше тартыс болды. Отандық өндірістегі сегіз фильм  “Бизнесмены”, “Бизнес по-казахски в Африке”, “Құдалар”, “Әміре”, “Ұла дала комедиясы”, “Каникулы в Тайланде”, “Я-жених” қоса алғанда үздік картина атануға ұмтылыс жасады. Дегенмен көрерменнің пікірінше ұлттық кино прокатта үздік деп “Гудбай, мой бай” фильмі  (бас продюсерлері – Дәуіт Шайқыисламов, Сәбит Рақымбаев, Қайрат Реимов, Бағдат Қожахметов) танылды.

Отбасылық өмірдегі кей кедергілер мен әзіл-күлкіге құрылған картина бірінші күннен-ақ өзге де қарсыластарынан алға озған еді. Көрермендердің пікірінше ең үздік шетелдік фильм – “Мстители: Война бесконечности”, ал үздік мультипликациялық фильм – “Ральф против Интернета”.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз