«Қиырдағы қазақтар» деректі фильмінің тизері жарыққа шықты

0
63

«Қиырдағы қазақтар» деректі фильмінің тизері жарық көрді, бұл туралы Qazcontent АҚ Басқарма төрағасы Е.Д.Кочетов өзінің фейсбук парақшасында хабардар етті. Сонымен, «Qazcontent» АҚ «Қиырдағы қазақтар» фильмінің тизерін назарларыңызға ұсынады. 

Деректі фильмнің басты мақсаты шетелдегі қандастарымыздың тыныс-тіршілігін көрсету.

Жақын арада фильмнің бірінші сериясы жарыққа шығады, алғашқы тоқтаған ел Ресей. Фильм келер жылы Өзбекстан, Тәжікстан және Моңғолия елдерінде өз жалғасын табады деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетейік, үстіміздегі жылдың шілде айында ақпарат министрі Дәурен Абаевтың қатысуымен шетелдегі қазақтардың тариxы мен күнделікті өмірлерін көрсететін ауқымды жобаның басталғанын мәлімдеген брифинг өткен болатын. Сол уақыттан бері алыс-жақын шет елдерде түсірілім жұмыстары жүргізілді.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз