Израильде арғын тайпасы салған көне ғимарат табылды

0
118
Иерусалим. Батыс қорғаны.

Израильде шамамен 13 ғасырдың орта тұсында арғын тайпасы салған көне ғимарат табылды. Бұл туралы 24.kz сайты хабарлады. 

Тарихи нысан бүгінге дейін қаз-қалпында сақталған. Бұл жаңалықты Таяу Шығысқа ат басын тіреген “Бабалар ізімен” экспедициясы ашты. Зерттеушілердің айтуынша, тарихи ескерткіштер жайлаған Иерусалим жерінде құрылыс мәмлүк-қыпшақтар билеген тұста қарқын алған. Мешіт, мектеп пен кесенелер де жаппай сол уақытта салынған көтерді.

“Бабалар ізімен” экспедициясы барысында осындай ғимараттардың бірін арғын руынан шыққан азамат салғаны анықталды.

Рафи Касимов, тарихшы:

– Бұл адамның аты – Аргун әл-Камили. Демек ол арғын руынан шыққан азамат болса керек. Бір білетініміз, ол сұлтанның тігіншісі болған. Бір кездері сұлтанның ашуына тиіп, Иерусалимге айдалды. Ал бұл – әлемге әйгілі “Жоқтау Қабырғасы”. Иудаизмнің діни орталығы. Жыл сайын осы жерге миллиондаған турист келеді. Иерусалимнің қасиетті ескертішін осы күнге дейін сақтап қалуға Дешті-қыпшақтан шыққан мәмлүктер зор үлес қосқан екен.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз