Мүшәйра. Бас жүлде 2 миллион теңге!

0
152

2 шілде күні Нұр-Сұлтан қаласы “Жастар театрында” Сәкен Сейфуллин музейі ұйымдастырған  «Жастықтың оты жалындап…» айдарымен өткен жыр бәйгесі өз мәресіне жетті.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен болған дәстүрлі мүшәйра биыл сегізінші рет өткізіліп, жастар жылына арналды. Мүшәйраға 35 жасқа дейінгі жүзге жуық  жас ақындар қатысты. Байқауда алғаш болып  Қазақстан Жазушылар одағының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері қазылар алқасының мүшесі Несіпбек Айтұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Қазылар алқасы төрағасы  “Егемен Қазақстан” республикалық газеті акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Дархан Қыдірәлі болды. Сонымен қатар ақын Серікзат Дүйсенғазы, жазушы Нұртөре Жүсіп , аталмыш байқаудың былтырғы жеңімпазы Арман Шерзат қазылар алқасы құрамында болды.

Байқауда тағайындалған орындар төмендегідей :

Бас жүлде  2 миллион

Бірінші орын – 1 миллион

Екі екінші орын –  650 мыңнан

Үш үшінші орын – 550 мыңнан

Бес ынталандыру сыйлығы – 150 мыңнан

Сонымен Бас бәйгені және 2 млн жүлде қорын Нұрсұлтан қаласынан  қатысушы Біржан Ахмер қанжығасына байлады. «Жастық жалыны» атты өлеңімен топ жарған жас ақынның аяқ алысы қазылар алқасының көңілінен шықты.

Екі екінші орынға маңғыстаулық Асылбек Жаңбырбай «Мәңгілікке ұласу», нұр-сұлтандық Ұмтыл Зарыққан «Рухым Хан Кенемен бірге менің» өлеңдерімен ие болды.

Үшінші үш орынды нұр-сұлтандық ақындар Шерхан Талап «Тараз», Мұқият Қойшыбайұлы «Жүрегім менің сөйлеп тұр», Алматы облысы Текелі қаласынан Әділет Серікұлы «Ұлы дала төсінде» өлеңдерімен иеленді.


 

 

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз