Миллиондарды жаулаған бүлдіршініміз

0
45

Талантты жас әнші  Ержан Максим “Голос. Дети” жобасында екінші орын алды.

Финалдық қорытынды бойынша көрермендер арасында дау туындаған болатын. Көпшілік көрермен жеңімпаз Ержан Максим деген пікір айтуда.
Талантымен әлемді таңқалдырған Димаш Құдайберген өзінің әлеуметтік желісінде:
«Бауырсақ бала!.. Қазағымның бағына біткен баласың. Жеңісің құтты болсын, Ержантай. Алар асуларың көп болсын. 100 млн-нан астам халықтың арасынан 2-орын алу деген үлкен жетістік. Бірінші орынды қыз балаға жігіттік танытып бере салғаның да дұрыс болды.  Нағыз джентельмен сондай болады. Барлық қатысқан бүлдіршіндерді құттықтаймын. Бірақ, мен үшін Ержантай жеңімпаз!», – деп жазды Димаш.
Атақты шоумен Максим Галкин де Инстаграмдағы парақшасына видео жүктеп, өз пікірін білдірді:
«Біз кеше отбасымызбен Ержан Максимге дауыс бердік. Жалпы, финалға қатысушылардың деңгейі жоғары болды. Ержаннан басқа Нино Чеснер, Анастасия Сисаури, Валерий Кузаков, Миша Григорян тамаша орындады. Микелла Абрамова да жақсы, бірақ финалға қатысушылардың бәрінен артта қалды. Абрамованың атақты ата-анасы мен олардың жұлдызды достары бәрін жасады. Басқа әншілердің ата-аналарында ондай мүмкіндік жоқ. Менің ойымша, жеңімпаз жалғыз, ол – Ержан Максим», – деді М.Галкин.
Ресейлік әнші Алла Пугачева финалдық бәсекеге шыққан төрт қатысушыны да қолдайтындығын айтты. Дегенмен Алла Пугачева  ”«Алла Пугачеваның Алтын жұлдызы” сыйлығын Ержан Максимге табыстады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз