«Монстрлар демалыста 3»

0
420

SONY әлемдік студиясы ұсынған «Монстрлар демалыста 3» анимациялық фильмінің қазақ тіліндегі трейлері көрсетілімге дайын.

Бұл қазақ тіліне дубляждалған 24-ші және Дракула мен Мэйвистің шытырман оқиғалары туралы үшінші туынды.

«Marwin» компанияcының қолдауымен және «Болашақ» Корпоративтік Қорының ұйымдастыруымен ұсынылып отырған фильм 12 шілдеден бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіледі.

Фильм 2D, 3D, 4D және IDMAX форматтарында көрсетілуге қол жетімді.

«Монстрлар демалыста 3» фильмнің сюжетінде бұл жолы Дракула өзінің достарымен тамаша, сәнді лайнермен круизға аттанады. Онда сан түрлі көңіл көтеретін орындар бар: монстробаскетболдан бастап, экзотикалық экскурсия мен ай астындағы ваннаға дейін. Дракула кеменің капитаны – жұмбақ әрі сұлу Эрикаға кенеттен ғышық болып қалғандықтан, оның қызы Мэвис сапардың енді сұмдық болатынын түсінеді. Өйткені, Эрика барлық монстрлар өміріне қатер туғызатын бір құпияны білетіні анық.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз