Нұр-Cұлтанда “Көктем Fest” өтеді

0
109
Нұр-Сұлтан. Сурет: Shutterstock

27 сәуір күні Нұр-Сұлтанда “Көктем Fest” фестивалі аясында ұлттық спорттан түрлі шаралар ұйымдастырылады. Бұл туралы Elorda Aqparat хабарлады.

Іс-шараның ұйымдастырушысы – “Байқоңыр” ауданының әкімдігі мен қалалық құрылымдар. Фестиваль аясында арқан тартыс, асық ату, армрестлинг секілді жарыстарды тамашалауға болады.

Сондай-ақ, қазақ күресінен “Байқоңыр барысы” турнирі өтеді. Оған 40-тан астам балуан қатысады. Шара қаланың сыртында, Павлодар тас жолының бойында полиция бекетінің оң жақ бетіндегі алқапта өткізіледі. Оған №307 автобуспен баруға болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз