Нұр-Сұлтандағы бас мешіттің құрылысы қашан аяқталады?

0
137
Жаңа мешіттің жобасы.

Нұр-Сұлтандағы бас мешіт құрылысы ерекше реттеу режимі арқылы 2021 жылдың III тоқсанында аяқталады.

“Нұр-Сұлтан қаласындағы бас мешіт» нысаны ерекше реттеуді және (немесе) қалақұрылыстық реттемелеуді қажет ететін нысанға жатқызылсын”, – делінген сейсенбіде ұсынылған үкіметтің қаулысында.

Егер құжатқа қол қойылса, онда әзірлеушілердің айтуынша, елордадағы бас мешіт жобасы “ерекше реттеуді және (немесе) қалақұрылыстық реттемелеуді қажет ететін нысанға жатқызылады, соның негізінде оны салу параллель жобалау және құрылыс арқылы жылдамдатылатын болады”.

“Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаты мен мерзімі. Нұр-Сұлтан қаласындағы бас мешіт құрылысы; нысанды аяқтау мерзімі – 2021 жылдың III тоқсаны; нысанның сыйымдылығы – 30 мың адам, бұл елордадағы басқа мешітке келушілер санын азайтады”, – деп түсіндірді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов құжаттың түсіндірме жазбасында.

Министрлер кабинеті қаулысының жобасы 15 қазанға дейін жария талқылауға шығарылды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа мешіттің қазығын қағуға қатысты. 18 наурыз. 2019 жыл.

Еске салайық, Нұр-Сұлтандағы бас мешіттің іргетасын қалау 18 наурызда сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен басталды. Жаңа мешіттің жалпы ауданы 57 мың шаршы метр. Мұнарасының биіктігі 130 м, күмбезінің диаметрі – 63 м. Діни кешенде ислам мұражайы, кітапхана, қолөнер шеберханасы мен басқа да мекемелер орналасады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз