«Әкем театрда» жаңа басшы

0
73

12 ақпанда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен  режиссер Асхат Маемиров М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры директоры болып тағайындалды. Бұл туралы мәдениет және спорт министрлігі баспасөз қызметі хабарлайды.

Асхат Маемиров – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, философия ғылымдарының докторы (PhD), «Болашақ» Президент стипендиясының иегері. Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын драма театр режиссері мамандығы бойынша аяқтаған. 2008 жылы Францияның танымал Université Sorbonne Nouvelle Paris 3 университетінде білім алып, Драма өнерінің Париж ұлттық консерваториясында тағылымдамадан өткен. 2010 жылы Ресей театр өнер академиясында (ГИТИС) театр өнері магистрі дәрежесін қорғаған.

Еңбек жолын Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында режиссерлықтан бастады. Құрманғазы атындағы Орал музыкалық колледжінде «Актерлік өнер» бөлімінің меңгерушісі, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Театр өнері» факультетінің деканы,  Қазақ Ұлттық өнер университетінің «Актер шеберлігі және режиссура» кафедрасының доценті болды.

Елдегі өнер саласындағы ұйымдарда атап айтқанда, «Қазақстанның рухани қоры» АҚ, «Қазақ әуендері» АҚ жетекшілік етті. 2017 жылы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымын басқарды. «Астана мюзикл» театрының көркемдік жетекшісі және Қазақстан театрлар ассоциациясының вице-президенті.

Сафина Ахтай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз