«Notre Dame de Paris» мюзиклі қазақ тілінде сахналанды (видео)

0
112

18 желтоқсан күні Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Гиннес рекордтар кітабына енген «Notre Dame de Paris» мюзиклі қазақ тілінде қойылды. 

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы және Францияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Филипп Мартинэ шығарма басталар тұста сөз сөйледі.

«Notre Dame de Paris» мюзиклі – әлемде Гиннестің рекордтар кітабына енген озық туындылардың бірі. Дүниежүзі бойынша 11 миллионнан астам көрермен тамашалап үлгерген мюзикл әлемнің тоғыз тіліне аударылған. Қазақстан атақты мюзиклді өзінің мемлекеттік тіліне аударған оныншы ел. Сахнада ХХ ғасырдың үздік әндері атанған «Belle», «Danse monesmeralda», «Le Temps des Cathedrales» өлеңдері қазақ тілінде орындалды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз