ОҚО-да “Біржан-Сара” операсының премьерасы өтті

0
44

Оңтүстік Қазақстан облыстық опера және балет театры Мұқан Төлебаевтың «Біржан – Сара»  премьерасын қойды деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

Премьераның  ашылу салтанатына Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы қатысып, қойылымды көрермендермен бірге тамашалады.

 «Біздің ұжым бұған дейін мұндай жоғары дәрежедеге операларды орындап көрмеген болатын.  Рас, алғашқыда қалай шығады екен деп алаңдадық. Тәуекел етіп, «Біржан-Сара» операсын облыстық опера және балет театрының 150-ге жуық қызметкері орындап отыр. Бұл қойылымымызды Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына қолдау білдіру негізінде көрерменге паш еттік»,

– дейді  театр директоры Әбдіхан Нұрмағанбетов.

Қазақтың белгілі жазушысы Қажым Жұмалиевтің либреттосына жазған «Біржан- Сара» операсын сахналау үшін ұжым 6 ай уақытын арнаған. Айта кетейік, бүгінде ашылғанына  9 жылдан асқан облыстық опера және балет театрында 217 адам қызмет етеді. Оның 147-сі шығармашылық ұжым.

 Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз