“Оскарға” үміткерлер тізіміне енген фильмдер белгілі болды

0
105
ашық дереккөзден

Америка кино өнері академиясы сейсенбіде “Шет тіліндегі үздік фильм” аталымында “Оскарға” үміткер фильмдер тізімін жариялады. Тізім Лос-Анжелесте (Калифорния штаты) салтанатты жиын барысында аталып, академияның Twitter парақшасында жарияланды.

Сергей Дворцевойдың “Айка” (“Ayka” Қазақстан атынан ұсынылды) картинасы тізімге енбеді.

Номинаттар қатарына “Капернаум” (Capernaum, Ливан), “Рома” (Roma, Мексика), “Суық соғыс (Cold War, Польша), “Авторы жоқ жұмыс” (Never Look Away, Германия) және “Дүкен ұрылары” (Shoplifters, Жапония) кинокартиналары кірді.

Мексикалық режиссер Альфонс Куаронаның “Рома” фильмі Венецияда өткен кино байқауда “Алтын арыстанды” жеңіп алған еді. Сондай-ақ, аталған картина америкалық “Алтын глобус” жүлдесінің “Үздік шетелдік фильм” мен “Үздк шетелдік режиссер” аталымдарында жеңімпаз атанды.

Дворцевойдың “Айка” картинасы 2018 жылдың мамырында Канн кино байқауының “Алтын пальма сабағына” лайық деп саналды. Ең үздік әйел образы бойынша жүлдені актриса Самал Еслямова жеңіп алды.

Картина сюжетіне сәйкес, жас қырғыз қызы Айка заңсыз Мәскеуде тұрып, жұмыс істейді. Баласын дүниеге әкелгеннен кейін оны емханаға тастап кетеді, бірақ біраз уақыт өткеннен кейін аналық түйсігі баласын қайта қайтаруға итермелейді.

Сергей Дворцевой – орыс-қазақ режиссері, 1962 жылы Шымкентте дүниеге келген. 2000 жылы түсірілген “Трасса”, 2008 жылы түсірілген “Тюльпан” фильмдері үшін марапатқа ие болған.

Safina Said

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз