“QazEpos” мобильді қосымшасы іске қосылды

0
109

Оқи отырыңыз: “QAZAQ EPOS” жыр жаттау жобасы басталды

13 ақпан күні “QazEpos” мобильді қосымшасы іске қосылдыЕнді эпостық жырларды осы қосымша арқылы тыңдауға болады. Бұл туралы baq.kz хабарлады.  

Жоба авторы Жансерік Сүйінбаевтың айтуынша, қазақ халқының эпостары аудио нұсқада тек күйтабақта ғана жазылған. Ол қосымшаны жасап шығару үшін 2 жылдай уақыт еңбектенгенін айтады. Оның бір жылы эпостардың авторлық құқына ие компания өкілдерімен келісім жасасуға кеткен.

“Мен эпостардың түпнұсқаларын ресейлік компаниядан алдырдым. Жазылған қолда бар эпостардың саны бар-жоғы 11 екен. Білуімше, тек эпикалық жыр-дастандардың халық арасында таралған саны 300-ге жуық, осының ішінде жарық көргендері қырыққа да жетпейді. Болашақта жарыққа шықпағандарын да қосымшаға енгізу жоспарда бар”, – дейді Жансерік Сүйінбаев.

Қазір “QazEpos” қосымшасында Қобыланды батыр, Қыз Жібек, Мұңлық-Зарлық, Алпамыс батыр, Айман-Шолпан, Қарасай Қази батырлық дастаны, Қамбар батыр, Әли батыр, Қабанбай батыр, Нар қыз, Асау Барақ эпостық жырлары бар.

“QazEpos” қосымшасын қазіргі уақытта тек App Store-дан iOS мобиль смартфондарына жүктеуге болады. Android операциялық жүйесіне қосымшаны енгізу іске асып жатыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз