«Үржар ханшайымы» Ұлттық музей тағы бір алтын адаммен толықты

0
469

Ұлттық мұражай тағы бір алтын адаммен толықты. Шығыс Қазақстаннан табылған “Үржар ханшайымы” атты тарихи жәдігер Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайының “Алтын залына” қойылды.

Тарихи мұра Шығыс Қазастан облысында орналасқан Тасарық қорығынан табылған.  Оның қаңқа сүйектерінде жасыл және көк түсті матаның қалдықтары сақталған. Сондай-ақ, қорғаннан қыш және ағаш ыдыстар, қой сүйегі және алтыннан әшекейлеп жасалған бас киім табылған.

2013 жылы табылған «Үржар ханшайымы» музейдегі басты жәдігердің бірі болмақ.


Тарихи деректерге сүйенсек 1969 жылы Есік қаласынан табылған “Алтын адамнан” кейін, 50 жылдан соң күні кеше табылған “Елеке сазы” атты алтын адамды қосқанда республмка өңірінен жеті бірдей алтын адам табылып отыр.

Осыдан 50 жыл бұрын Есік қаласына бастайтын күре жолдан Алтын киімді адамның сүйегі табылғаны туралы ақпарат бүкіл әлемнің басылымдарында жарияланды.

Оны археолог-тарихшы, Бекмұхамбет Нұрмұханбетов тапқан еді. Балама болар басқа құнды жәдігер әлемнің ешбір елінде осыған дейін табылмағандықтан, тарихшылар оны бірауыздан жаңалық деп қабылдаған.

Бір өкініштісі, алтын сауытын әлем халқы тамашалап жатқанда, сүйегі 25 жыл бойы Алматыдағы сот-сараптама үйінің жертөлесінде жатыпты. Ал бас сүйегінің қайда кеткені әлі күнге беймәлім.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз