«Жусан» операциясы жөнінде фильм түсіру ұсынылды

0
106
ҚР Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов

16 қаңтар күні Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевқа сауал жолдап, «Жусан» операциясы негізінде шытырман оқиғалы, деректі, патриоттық тәрбиедегі көркем фильм түсіруді ұсынды.

Депутаттың айтуынша, біз әлемдегі дамыған шетел мемлекет басшылары мен арнайы қызметтерінің қауіпті әрі қысылтаяң кезеңдердегі игі әрекеттері көрсетілетін голливудтық кино туындыларын таңдай қағып тамашалауға үйреніп қалғанбыз.

16 қаңтар. Мәжіліс палатасының жалпы отырысы.

«Біздің телеарналар «Көшпенділер», «Жау жүрек мың бала», «Елбасы жолы», «Қазақ хандығы. Алмас қылыш», «Анаға апарар жол» секілді азғантай туындыларды қоспағанда, мардымсыз бағдарламалар мен қарабайыр, ұлттық тәрбиемізге жат, қажетсіз сериалдарға тұнып қалған. Ал жастардың санасы кинозалдардың, электрондық құрылғылардың экрандарынан патриотизмнен басқа қажетсіз нәрсенің барлығымен аяусыз уланып жатыр. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың арнайы тапсырмасымен жоғары деңгейде жүзеге асырылған қазақстандық азаматтарды құтқару операциясы секілді ерекше оқиғалар өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беретін жоғарғы көркемдік кино түсіруге тамаша сюжет болар еді. Осыған байланысты келесіні ұсынамын: біріншіден, Мемлекеттік тапсырыс бойынша «Жусан» операциясы негізінде шытырман оқиғалы, деректі, патриоттық тәрбиедегі көркем фильм түсіруге тапсырма берсеңіз. Екіншіден, Президенттің осыжылды Жастар жылы деп жариялауына байланысты жастардың рухани және патриоттық тәрбиесі жалпы мемлекеттік мүдде болғандықтан жастардың патриоттық және рухани тәрбиесінің кешенді жоспары мен шараларын қарастыру жөн болар еді», – деп түйіндеді Сұлтанов.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз