Назарбаев пен Мирзиёев тілдесті

0
102

Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлайды.

Мемлекет басшылары әңгімелесу кезінде екі жақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен перспективаларын, соның ішінде жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын талқылады.

Сондай-ақ, екі ел көшбасшылары күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Телефон арқылы сөйлесуге өзбек тарабы бастамашы болды, деп хабарлайды Ақорда.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз