Афринге қарсы операцияны сынаған 10 түрік журналисті қамалды

0
73

Ыстамбұл полициясы Афринге қарсы жүргізіліп отырған «Зәйтүн сабағы» операциясын әлеуметтік желілерде сынға алған адамдарды ұстау үшін рейд жүргізіп, 18 адамды қамауға алды.

ТАСС агенттігінің мәліметінше ұсталған 18 адамның арасынан жауапқа тарту туралы шешіммен 10 адам абақтыға қамады. Оларға «мемлекет пен әскерге кедергі жасады» және «ел президентті Реджеп Тайып Ердоғанды қорлады» деген айыптар тағылып отыр.

Еске сала кетейік, жексенбіде Түрік әскери әуе күштері Сирияның солтүстігінде орналасқан Африн күрдтеріне қарсы операция бастаған болатын. Қазіргі уақытта екі тарапта да зардап шеккендердің саны артуда.

Аймақтағы ахуалдың нашарлауы Түркияның күрд жасағын қолдаушы АҚШ пен НАТО-дағы одақтастарымен тікелей қақтығысуына әкелуі мүмкін.

2012 жылдан бері Африн аумағында орныққан күрдтерді ығыстыруды мақсат ететін түрік билігі бұл операцияны «Зәйтүн сабағы» деп атады. «Зәйтүн сабағы» ежелгі мифтерде бейбітшіліктің белгісі болып саналады-мыс.

ТАСС агенттігі, сарапшылардың ұйғарымымен «Зәйтүн сабағы» операциясының басты себебі президент Реджеп Тайып Ердоғанның 2019 жылғы сайлау алдындағы саяси ұпайларын толтыру мақсатында ұйымдастырылғанын хабарлайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз