27 қазан Түрікменстан Тәуелсіздік күнін атап өтуде

0
146

Бүгін Түркіменстан мемлекеті тәуелсіздіктің 26 жылдығын тойлауда, деп хабарлайды Сa-news.

Түркімен халқы тәуелсіздіктің 26 жылдығына орай «Ашхабад» спорт кешенінің орталық стадионында мереке ұйымдастырып, шараға қатысушылар «XXVI» фигурасын бейнеледі.

Мереке соңында бейнеленген Түрікменстанның түрлі-түсті картасы мен Түркімен халқының«куштдепди» атты  ұлттық биі мерекені тамашалауға жиналған халыққа ерекше  әсер қалдырды.

Еске сала кетейік, 1991 жылдың 27 қазанында Түрікмен ССР Жоғарғы Кеңесі
жалпыұлттық референдумның нәтижелеріне сүйене отырып,  «Тәуелсіздік және Түркіменстанның Мемлекеттік жүйесінің негіздері туралы»  Конституциялық заң қабылдады.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз