341 жолаушысы бар Үндістан ұшағы шұғыл түрде Астанаға қонды

0
145
"Air India" ұшағы

26 қаңтар күні “Дели-Чикаго” бағытындағы “Air India” әуе компаниясының ұшағы Назарбаев халықаралық әуежайына шұғыл түрде қонды. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі хабарлады.

“Бүгін Астанa уақытымен 07.30-да Назарбаев халықаралық әуежайына “Air India” әуе компаниясының “Дели-Чикаго” бағытындағы ұшағы шұғыл жағдайда қонды. Демікпемен ауыратын бір жолаушының жағдайы нашарлаған. Әйел мен оның екі туысы Астананың №2 ауруханасына жеткізілді”, – делінген ресми хабарламада.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз