87 миллион теңгемен қашып кеткен қазақстандық Ресейде қолға түсті

0
113
Photo: 0462.ua

87 миллион теңге ұрлап шетелге қашып кеткен қазақстандық банк қызметкері Ресейде ұсталды. Бұл туралы Қостанай облыстық полиция департаменті хабарлады.

Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам Челябинскіде ұсталған. Ол жерге ер адам қазақстандық такси жүргізушісімен жетіп алған.

“Күдікті жалдамалы пәтерде жасырынған. 20 қарашада пәтерде тінту жұмыстарын жүргізу барысында ұрланған ақшаның бір бөлігі – 136 мың еуро (58 миллион теңге) табылды. Қазіргі уақытта қазақстандық Челябинск қаласының уақытша тергеу изоляторында”, – делінген полицейлердің хабарламасында.

Полиция мәліметінше, ұсталған қазақстандық ақшаның бір бөлігін сегіз несиесін төлеуге жұмсаған.

“Алдын-ала жауап алу кезінде ол ақшаның бір бөлігін интернет арқылы өтемеген сегіз несиесін жабуға жұмсағанын анықтады. Қазіргі уақытта оны Қостанай облысына жіберу мәселесі шешілуде”, – деп хабарлады аймақтық полиция департаменті.

Бұл істі облыстық полиция департаментінің басшысы, генерал-майор Бекет Аймағамбетов бақылауға алған.

Еске салайық, “Еуразиялық банк” АҚ Жітіқара қалалық филиалының қызметкері 87 млн теңге ұрлап, Қазақстаннан қашып кеткен болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз