“Ақиқаттан аттап кету – арға сын”: Қонаевтың даналық сөздері

0
561

12 қаңтар аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы  Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың туған күні. Саналы ғұмырында ұлтына адал еңбек сіңірген Дінмұхаммед Қонаевтың көзі тірісінде жазып кеткен даналық сөздерін назарларыңызға ұсынамыз.

“Өмір деген осы: бүгін бар, ертең жоқсың”.

“Сенім деген құдіретті күш – ол сеңгір тауды да қозғайды”.

“Жалада шындық болмайды”.

“Абыройдан ақ отауын тіктім деген кісінің пенделігі аз болмайды”.

“Қанмен сіңгенді қасиеттемесең, қадірің болмайды”.

“Өмірдің екі тірегі: үйренуден жалықпау, үйретуден аянбау”.

“Сатыға аяқ салмай жатып, баспалдақтан аттама”.

“Ақиқаттан аттап кету – арға сын”.

“Тәуелсіздіктің жүгі ауыр”.

“Адам айнасы – адам”.

 

Д. А. Қонаевтың Асанбай Асқаровқа айтқан сөзi

“Орысты ренжiтсең Мәскеуге шабады, қазақты ренжiтсең қайда шабады? Өзiңнiң алдыңа айналып келедi, Асанбай. Орыстың артында тұрған Мәскеуi бар. Қазақтың артында Мәскеуi жоқ, қазақтың Мәскеуi – бiздермiз Асанбай, қолыңнан келгенше қазақты жылатпауға тырыс, қорлыққа берме. Қорлыққа көнген халық зорлыққа да көнетiн иiсалмас, ынжық болып кетедi. Ұлт өзiнiң мүддесiн өзi қорғай алатын дәрежеге жетуi керек. Кезiнде қазақтың жанын сақтап қалсақ екен дедiк қой…, бiз ол дәуiрден өттiк. Ендi қазақтың рухын, намысын сақтауымыз керек”.

Safina Said

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз