АҚШ-та үйдің үстіне ұшақ құлады

0
93
АҚШ. Мадейра қаласы. 12 наурыз, 2019 жыл.

12 наурыз күні АҚШ-тың Мадейра қаласында екі моторлы Piper шағын ұшағы әуеге көтерілгенде істен шығып, тұрғын үйдің үстіне құлаған. Бұл туралы ABC телеарнасы хабарлады.

62 жастағы ұшқыш оқиға орнында көз жұмған.

Мәлімет бойынша, ұшақ тұрғын үйдің басым бөлігін қиратқан, алайда тұрғындардың ешқайсысы зардап шекпеген, үйдегі екі ит те дін аман. Апат болған жерде АҚШ-тың федералды авиациядық басқармасының қызметкерлері тексеріп жатыр. Әзірге ұшақтың құлау себебі анықталмаған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз