АҚШ-та Пулитцер жүлдесі табысталды

0
86
дереккөзден

АҚШ-та журналистика, әдебиет және музыка саласындағы марапат Пулитцер жүлдегерлері анықталды. Бұл туралы жүлденің сайтында хабарланады.

Марапат жыл сайын 21 санатта табыс етіледі.

Осы жылғы лауреаттар қатарына The New York Times басылымының журналистері Дэвид Барстоу, Сюзанна Крейг и Расс Бюттнер Америка президенті Дональд Трамп әулетінің қаржылық махинациялары туралы репортаждар сериясы үшін енді. Сөз бизнес-империяның салықтан жылыстауы, тағы басқа түрлі әрекеттер турасында.

Reuters агенттігі екі аталымда жеңімпаз болды. Жас тілшілер Ва Лон мен Кьяу Со Оның Мьянмадағы діни сеніміне қатысты жаппай жер құшқандар турасында жасаған репортаждары жемісін берді.

Ва Лон мен Кьяу Со О 490 күн бойы абақтыда/ сурет Reuters

Ва Лон мен Кьяу Со О 2017 жылы зерттеулерін аяқтамай жатып абақтыға қамалған еді. Оларды мемлекеттік құпия туралы заңды бұзды деп 7 жылға соттады. Қазіргі уақытта тілшілердің темірторда күнелткендеріне 490 күн толады. “Мьянмадағы қырғын” мақаласын қос тілші үшін әріптестері Саймон Льюис мен Антони Слодковский аяқтап, өткен жылдың ақпанында жариялады.

“Шұғыл ақпараттар” аталымында да Reuters жүлдеге ие болды. Әділ қазылар басылымның “Босқындардың Америкаға барар жолында” деген суретіне назар аударған.

Фотограф Ким Кён Хунның кадрында Сан-Диего және Тихуана шекарасында америкалық әскерилер қолданған газдан жан сауғалап бара жатқан босқындар/Reuters

Пулитцер жүлдесі 1917 жылдан бері табысталып келеді және АҚШ журналистикасында ең беделді марапат саналады.

 

Safina Said

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз