Африкада БҰҰ бітімгерлерінің тікұшағы апатқа ұшырады

0
101
Африка, Абьей ауданы.

10 ақпан күні Африкада Біріккен Ұлттар Ұйымы бітімгерлері тікұшағы апатқа ұшырап, үш адам мерт болды. Бұл туралы Africanews хабарлады.

БҰҰ деректеріне қарағанда, бортта 23 жолаушы болған. Олардың 10-ы жарақаттанған, ал үшеуінің жағдайы ауыр. Тікұшақтың неліктен апатқа ұшырағандығы әзірге белгісіз. Тікұшақ Солтүстік және Оңтүстік Суданның шекарасында орналасқан, ерекше мәртебеге ие африкалық Абьей ауданы аумағында құлаған.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз