Алматы орталығында атыс болды

0
106
Сурет: tengrinews

7 наурыз кешкі уақытта Алматының Бостандық ауданында атыс болды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.

Instagram желісіндегі kris_p_brothers парақшасында оқиғаның видеосы пайда болды. Видео кадрларынан Gelandewagen көлігінің маңында ер адамдардың сөйлесіп тұрғаны көрінеді. Кенетоларға қолында тапаншаға ұқсас заты болған белгісіз біреу келеді. Артынша барлығы тарап кетеді.

Нақтыланған мәліметтер бойынша, оқиға Сәтбаев пен Байзақов көшелерінің қиылысында болған. Қалалық ішкі істер басқармасының мәліметінше, төрт күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз