“Алматы” телеарнасы дәрігерлер күні қарсаңында телемарафон бастамақ

0
411

20-21 маусым күндері Аlmaty TV телеарнасының ұжымы Қазақстан дәрігерлерінің кәсіби мерекесіне орай арнайы бағдарламалар топтамасын ұсынады.

Алматылық ауруханалардан репортаж, дәрігерлер мен олардың отбасыларымен кездесу, ел мен қаланың денсаулық сақтау саласында еңбек еткен қайраткерлердің әңгімелері, пандемияға қатысты кеңестер мен ұсыныстар, сонымен қатар, дәрігерлердің сүйіп тыңдайтын әндері шырқалып, деректі және көркем фильмдер көрсетілетін болады.

“Телеарна эфирінде дәрігерлер күні ерекше түрде атап өтуді жоспарлап отырмыз. Әлемде ақ халатты абзал жандардың жанқиярлық еңбегіне бас иіп, қошемет көрсету осы бір пандемия кезінде айқын көрінуде екендігі сөзсіз.  Індетпен күрес  бізге нағыз батырлар мен жұлдыздарды көрсетті. Карантин басталғалы бері телеарна ұжымы үнемі медициналық қызметкерлердің COVID-19-бен күрестегі кәсіби қызметтерін көрермендер үшін түсінікті әрі шынайы деңгейде көрсетуді мақсат етті. Біз олардың батыл еңбегінің куәсі болдық. “Шын жүректен” акциясы – бұл барлық алматылықтардың және қазақстандықтардың атынан дәрігерлерге алғыс білдіру”,  – деді Аlmaty TV бас директоры Нұржан Мұхамеджанова.

“Аlmaty TV телеарнасының барлық көрерменін медицина қызметкерлеріне ризашылығымызды білдіріп,  алғыс айтуға шақырамыз”, – дейді арна ұжымы.

Барлық мерекелік эфирдің басты кейіпкері дәрігерлер болады. 20 маусым таңертеңнен бастап, 21 маусым сағат 22:00-ге дейін қызықты бағдарлама, концерт, деректі фильмдер мен роликтер болады.

“Честно с Пономаревым” бағдарламасында “Қазақ онкология мен радиология ғылыми-зерттеу институтының” директоры Диляра Қайдаровамен 20 маусым күні сағат 10:20 онкология тақырыбында әңгіме қозғалады. Аталмыш бағдарламаның жексенбі күнгі кезекті қонағы – микробиолог Бақыт Рамазанова кәсіби жайында баяндайды. 21 маусымда Ақберен Елгезек өзінің “Шынайы Ақберенмен” бағдарламасында вирусолог Айдын Қыдырбаевпен елдегі пандемия туралы сұхбаттасады.

Жексенбі күні сағат 18:30 “Шешімі бар” ток-шоуында коронавируспен күреске қатысып, қиын сәтте көмек қолын созғандарға құрмет көрсетіледі. Ноэль Шаяхметов “Наш милый доктор” фильмінің түсірілімі мен актер Юрий Померанцев, әнші Бибігүл Төлегенова жайында әңгіме өрбітеді (сенбі 20 маусым. 11:35). Сонымен қатар, “Алматинские историй” арнайы шығарылымында аты аңызға айналған профессор Салима Балмаханованы көре аласыздар (жексенбі 21 маусым, 11:00).  20 маусымда сағат 14:00 алматылық дәрігерлердің сүйікті әндері “Бәрі біледі” бағдарламасында шырқалады. Жаңалықтардың арнайы шығарылымы сенбі күні 19:30 болса, қайталуы жексенбінің таңында болады. Көтеріңкі көңіл күй үшін 20 маусым күні 17:00, жексенбі күні сағат 13:40 пен 22:00 мерекелік концерттерді тамашалайсыздар.

Алматы қаласының фтизиопульмонология орталығында,  И.Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында, Алматы қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасында түсірілген “қауіпті” аймақтың бірегей кадрлары, бірінші күннен бастап коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлер, үш ай бойы өз отбасыларынан оқшауланған дәрігерлердің әңгімелері “Аlmaty TV” “Алматы дәрігерлері коронавируспен бетпе бет” (21 маусым сағат 6:00)және “COVID-19. Бой с тенью” арнайы жобаларында (жексенбі 21 маусым 15:40).

Атаулы күнге орай, “Аlmaty TV” телеарнасында “19.03-19.06” деректі фильмінің тұсаукесері өтеді. Фильмнің түсірілімі карантин басталған күннен бастап, 19 маусымға дейін жүргізілді.

Оған қоса, “Дәрігерлерге мың алғыс!” акциясына және алғыс сөздерге шоу-бизнес өкілдері, қоғам қайраткерлері мен қазақстандықтар да қосылады. Телеарнаның арнайы жобасында көрермендердің өздерін емдеген дәрігерлеріне айтқан алғыстарынан жинақталған видеоролик бір айға жуық уақыттан бері эфирде көрсетіліп келеді.  Жағымды эмоциялар, әдемі әндер, сүйікті әртістер, қызықты сюжеттер мен тілектер барлық қазақстандықтардың сүйікті “Наш милый доктор” фильмі, дәрігерлер туралы “Сердцебиение” үздік телехикаясы мен концерттер топтамасы да көрермендердің назарына ұсынылады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз